Қостанайда Нұржан жыры қалықтайды

Қостанайда Нұржан жыры қалықтайды

«Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен» атты жыр-теме, дәстүрлі ән орындаушылар фестивалі 15 желтоқсанда Қостанайдағы І. Омаров қазақ драма театрында өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов мәлімдеді.Нұржан Наушабайұлы – белгілі ақын, өңір тумасы. Ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің ең жақын достары мен серіктерінің бірі болған.

 

«Халық әндерін орындаушылардың республикалық фестивальінің мақсаты – қазақ ән шығармашылығын дамыту, қазақстандық жастар арасында композитордың шығармашылық мұрасын сақтау және насихаттау, еліміздің вокалдық өнерін дамыту, халықтың рухани құндылықтарын байыту болып отыр», – деп атап өтті басқарма басшысы.

 

Фестивальде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 8 қатысушы өз өнерлерін ортаға салмақ.

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу