Құнарлы Қостанай – елорданың креативті кеңістігінде!

Құнарлы Қостанай – елорданың креативті кеңістігінде!

Құрметті достар!

Сіздерді 11–12 шілде күндері Астана қаласындағы Qazaq Creative Hub алаңында өтетін Қостанай облысының KOSTANAY CREATIVE CULTURE креативті жәрмеңкесіне шақырамыз!

Creative Aimaq республикалық жобасы аясында өтетін бұл іс-шарада Қостанай өңірінің бай мәдени мұрасы мен заманауи креативті әлеуеті тоғысады.

✨ Бағдарламада:

🎭 этно-сән көрсетілімі;

🎨 қолөнер шеберлерінің көрмесі мен шеберлік сабақтары;

💎 авторлық зергерлік бұйымдар;

🎼 ұлттық музыка мен тарихи тұлғалар экспозициясы;

🎬 Нью-Йорктегі MobFilm Festival финалисі атанған «Қалам» мобильді фильмінің таныстырылымы;

🤖 цифрлық технологиялар, инновациялық жобалар және Қазақстандағы алғашқы студенттік жарыс болиду ұсынылады.

Сонымен қатар өңірдің үздік брендтері, дизайнерлік киімдері, этностильдегі өнімдері мен бірегей қолөнер туындыларын сатып алуға мүмкіндік болады.

📍 Өтетін орны: Qazaq Creative Hub

📍 Мекенжайы: Астана қаласы, Жошы хан көшесі, 16/2

 

Қостанайдың шығармашылық әлеуетін бірге танып, отандық креаторларды бірге қолдайық! 🇰🇿