“Тобыл“ – “Қайрат“ матчынан кейін өңір басшысы Құмар Ақсақалов өз пікірімен бөлісті:
–Жақсы ойын болды. Ең бастысы, біз оң нәтижеге қол жеткіздік. Төрт негізгі ойыншы жарақат алғандықтан уайымдағанымыз рас. Бірақ қақпашы Стас Покатилов ойынды аяғына дейін сүйреп апарды. Евгений Шахов жаңа позицияда орталық қорғаушы болды. Жалпы, барлық балалар өте жақсы ойнады. Сондықтан, бүгін көргеніміздей Нұрболдың ойынды қалай құрғанына жанкүйерлер риза болды деп ойлаймын. Енді ҚР Кубогының екінші жартылай финалының сәтті өтуіне үміттенеміз. Матчтан кейін олардың киім ауыстыратын бөлмелеріне кіріп, балаларды құттықтадым. Мен оларға өте жақсы команда бар екенін, жетістікке жететінімізді айттым. Әрине, біз “Тобылды“ шын жүректен қолдаймыз.
Асхат Қалжанов,
журналист