Құмар Ақсақалов: “Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үнемі назарымда” 

Құмар Ақсақалов: “Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үнемі назарымда” 

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, төтенше жағдайлар жарияланған Торғай өңіріне келіп, қар суынан зардап шеккен ауылдарды аралады.

Жергілікті тұрғындармен кездесіп, мемлекет тарапынан қолдау болатындығын айтты.

Қысылтаяңда бас бірліктерін танытқан ауылдық ағайындарға алғысын білдірді.

“Қарғын судың ортасында қалып, бастарыңызды қатерге тіктіңіздер. Ең бастысы сабырлық танытып, әр істі таразылап, ақылмен шештіңіздер. Біз үшін бірінші халықтың, екінші мал басының амандығы керек. Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үнемі назарымда. Қандай жағдай болса да көмек қолын созуға әзірміз. Қауіп қатер сейілгенше облыстық төтенше жағдайлар басқармасы мен жергілікті төтенше жағдайлар бөлімі сіздерге қалтқысыз қызмет жасайды. Үрейге беріліп, бұрыс шешім қабылдап жүрмеңіздер. Тиісті жұмыстар атқарылып, су құрсауында қалған ауылдар қалыпқа келтірілетін болады”,  – деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшіріп, олардың жағдайларын жасап, қадағалап отыруды аудан әкімі Шота Оспановқа тапсырды.

 

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Жанкелдин ауданы

 

Жаңалықтармен бөлісу