Құмар Ақсақалов: “Қостанай облысы тамақ өндірісінен бірінші орында”

Құмар Ақсақалов: “Қостанай облысы тамақ өндірісінен бірінші орында”

Өңірде өнеркәсіп көлемі 16,1% өсіп, 2 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндау барысында айтты.

“2022 жылдың екінші жартысынан бастап осы жылдың наурыз айына дейін облыста өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төмендеуі байқалды, қазір біз жағдайды тұрақтандырып, өндіріс көлемін біртіндеп арттырып келеміз. Қазір өнеркәсіп көлемі 16,1% өсіп, 2 трлн теңгеге жетті”, – деді аймақ басшысы.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің өсуі машина жасау саласында (33,9%), тамақ өнімдерінде (10,5%), сусындар өндірісінде (5,5%) байқалып отыр.

Жеңіл және жүк көліктері, тракторлар, қатарлы орақтар, кондитерлік өнімдер, май, ет, сүт, шұжық өнімдері мен ұн өндірісі ұлғайтылды. Он айдың қорытындысында Қостанай облысы Қазақстан Республикасында тамақ өндірісі бойынша бірінші орынға ие болды.

Жаңалықтармен бөлісу