Аудандағы алпауыт кәсіпорын “Қостанай минералдары” АҚ елдімекеннің көркеюіне айтарлықтай көмектесіп келеді. Өңір басшысы өнеркәсіп өндіру көлемін ұлғайта отырып, барлық жоспарлы экономикалық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету қажет деді бүгінгі Жітіқара ауданына жасаған сапарында.
– Жітіқара ауданы өнеркәсіптік-аграрлық, бірақ ауыл шаруашылығында белсенділік пен ауылдарды абаттандыруды жақсартуды қажет етеді. Бұл аудан аумағында жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, өнеркәсіп кәсіпорындарына да қатысты. Мысал ретінде “Қостанай минералдары” АҚ-ның осы бағыттағы жұмысын келтіруге болады. Соңғы бірнеше жылда кәсіпорын өңірдің жалпы әл-ауқатына 500 миллион теңгеден астам қаржы салды, – деп атап өтті Қ.Ақсақалов.
Ауданның жалпы келбеті, даму қарқыны қалыпты. Әлеуметтік нысандардың жай-күйі жақсы. Алда атқарылатын жұмыс та аз емес. Ұйымдастыру жақсы болса, ұйымшыл ел өзі алып кетеді. Көптеген кәсіпорындар өрісін кеңетіп, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Барлығы тек халық игілігі үшін.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Б. Көркембаев