Құмар Ақсақалов: “Мемлекет елді мекендерді қалпына келтіруге дайын”

Құмар Ақсақалов: “Мемлекет елді мекендерді қалпына келтіруге дайын”

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласындағы су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары барысымен танысты.

Су тасқыны кезінде Қызылжұлдыз ауылында 41 үй су астында қалды.

Оның 37-сі мүлдем жарамсыз. Арқалық қаласына 185 адам эвакуацияланған.

Бұл туралы Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов баяндады.

“Бүгінде 370 млн теңгеге 27 пәтер алу үшін келісімшарттар жасалып отыр. Барлық қажетті рәсім жүргізілгеннен кейін пәтерлер зардап шеккен тұрғындардың меншігіне өтеу міндетінсіз беріледі”, – деді Әмірхан Асанов.

Облыс басшысы Арқалық-Қызылжұлдыз жолындағы жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты.

Орташа жөндеу жүргізіліп жатқан темірбетонды көпір мен су өткізу құбырларын тексерді.

Қызылжұлдыз ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады.

“Мемлекет елді мекендерді толық қалпына келтіруге дайын. Тұрғындар барлық қажеттілікпен қамтамасыз етіледі. Барлық шығын толық өтелетін болады”, – деді облыс әкімі.

Суреттерді түсірген – Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу