Құмар Ақсақалов: “Бізде су ресурстары өте көп”

Құмар Ақсақалов: “Бізде су ресурстары өте көп”

Өңірде соңғы алты  жылда бюджет есебінен тоғыз  учаскеде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Оның жалпы аумағы 38 мың шаршы шақырым. Мемлекет басшысы өз Жолдауында алдағы үш  жылда жер қойнауын зерттеу көлемін кемі 1,5 есеге  ұлғайтуды міндеттеді. Сала мамандары осы талап үрдісінен шыға ала ма? Техникалық, технологиялық мүмкіндік қандай?

Қостанай өңірінің жер қойнауы пайдалы қазбаға бай. Түрлі дәрежедегі танымал және зерттелген минералды шикізаттың 35 түрі бар. Соның ішінде біздің өңірде темір мен бокситтің негізгі қоры  мол. Сол пайдалы қазбалардың нақты орнын, мөлшерін анықтауда геологиялық барлау жұмыстарының маңызы зор. Ол кемі 5-6 жылға созылады. Алдымен бұрғылау әдісімен әр тереңдіктен алынған жыныс үлгілері бастапқы зерттеуден өтіп құжаттандырылады.
Өңір басшысының айтуынша, облыста экономиканы дамытудың жаңа бағыттарын ашу үшін жеткілікті ресурстар бар: пайдалы қазбалардың, су, орман және жер ресурстарының болуы. 400-ге жуық кен орны барланған, 200-ден астамы әлі қозғаусыз тұр. Оның 25-і қатты пайдалы қазбалар. Яғни, жоғарыда айтқанымыздай, темір де, көмір де, боксит те жеткілікті.

– Әрине, жаңа кен орындарын іздеу – республикалық деңгейдегі міндет. Бірақ, бізде ешқандай жұмыс жүргізілмеген көптеген барланған кен орны бар екенін ұмытпаған жөн. Нақты балық аулау мен өсіруді бақылау механизмі де жетілдірілмеген. Көлдерді жалға алушылардың жауапкершілігін арттыру қажет. Тұрғындар біздің өнімдерді көруі керек. Бізде су ресурстары өте көп. Механизмдерін қарастыру керек. Қолы жеткендер көлді өз рақаттары үшін жалға алған жоқ, – деді Құмар Ақсақалов.

Тағы бір өзекті бағыт – туризм. Кейінгі кезде біздің елдегі туризмге  деген қызығушылық артып келеді. Туристік қызмет спектрінің сапасы күшейді.  Осыған байланысты облыста барлық қажетті инфрақұрылымды жолға қою жұмыстары қолға алына бастады.  Осы мақсатта ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жүргізілді.  Бұл екі жүз тонналық әуе кемелерін қабылдауға және жолаушылар терминалының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік берді. Ұшақ тұрағының сыйымдылығын  жеті ұшаққа дейін ұлғайту үшін перронды қайта жаңғырту да  аяқталмақ. Республикалық күре жолдардың бойында  қолжетімді мобильді интернет үшін антенналар салу жоспарланған. Бірінші кезең шеңберінде республикалық маңызы бар  Арқалық, Жітіқара қалаларында, сондай-ақ, Денисов, Сарыкөл және Алтынсарин аудандарында жеті координат анықталды.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу