Арқалық қаласының құрметті азаматы, белгілі қолөнер шебері, тарихшы, өлкетанушы Шөптібай Байділдин «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» атағына ие болды.
Қазақтың асыл құндылықтарын қастерлеген, інжу-маржандарын зерделеп қағаз бетіне түсірген Шөптібай Байділдаұлы– Әлемдік «Шыңғысхан» академиясының «Құрметті академигі». Қостанай облыстық «Қазына» меценаттар сыйлығының екі мәрте иегері.
Жерлесіміз таяуда ғана «Үздік өлкетанушы», «Үздік мәдениет қызметкері» атақтарын да алған болатын. Енді, міне, «BiIim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының мұрындық болуымен өткен «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері» атты республикалық байқаудан да жеңімпаз танылып отыр.
Жақында төл басылымымыз облыстық «Қстанай таңы» газеті ұйымдастырған қолөнер шеберлерінің байқауында да жеңімпаз атанған еді.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы