Елімізде 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Бұл бастама мемлекеттік органдардың жұмысында жаңа технологияларды енгізудің маңызды қадамы болып отыр.
Әсіресе, пробация қызметіндегі өзгерістер ерекше назар аудартады. Қылмыстық-атқару жүйесінің маңызды бөлігі болып саналатын пробация қызметі енді цифрлық құралдардың көмегімен тиімдірек жұмыс істей бастамақ. Осының арқасында есепте тұрған тұлғаларды бақылау және олардың қоғамға қайта оралуы жеңілдей түседі.
Пробация қызметінің қызметкерлеріне арналған жаңа мобильді қосымша – «Цифрлық қадағалау» енгізілді. Бұл қосымша есепте тұрған адамдарды бақылаудың тиімділігін арттыруға арналған. Қосымшаның көмегімен қызметкерлер аудио және видео байланысты жүзеге асыра алады, олардың деректерін тіркеп сақтайды.
«Сондай-ақ, пайдаланушылардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға, биометриялық идентификацияны қолдануға мүмкінк бар. Жеке және топтық чаттар арқылы байланыс орнатылады, ал геоаймақ шегінен шығу немесе ойын-сауық орындарын (мысалы, барлар, түнгі клубтар) келу кезінде автоматты хабарламалар келеді. Бұл функциялар пробацияның негізгі мақсатын – қылмыстың қайталануын болдырмау және тұлғаларды әлеуметтік қолдауды күшейтеді», – дейді Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі, әділет подполковнигі Динара Камбарова.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді ұсынған – Динара КАМБАРОВА
