Шымкент қаласы Абай ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде барлық NIS оқушылары арасында өткен үстел теннисінен желілік спартакиаданың финалдық кезеңі өз мәресіне жетті.
Ауқымды жарысқа Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 21 филиалынан және International Steppe School of Astana мектебінен барлығы 22 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Әр команда екі ұл мен бір қыздан құралған үш спортшыдан жасақталды.
Спартакиада екі кезең бойынша ұйымдастырылып, алғашқы кезеңде командалар топтарға бөлініп, айналмалы жүйе арқылы сынға түсті. Топтық кезең қорытындысы бойынша үздік сегіз команда финалдық кезеңге жолдама алып, жүлделі орындар үшін тартысты ойын көрсетті.
Қызу бәсекеге толы финалда жоғары дайындық пен командалық бірлікті танытқан командалар жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі екінші орынға қол жеткізді.
Қостанайдағы NIS командасын осы зор жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! 🏆
Жас спортшыларымызға алдағы жарыстарда да сәттілік, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз! 👏
