Футболдан olimpbet Қазақстан чемпионатының он бірінші турында Қостанайдың “Тобылы” көкшелік “Оқжетпеске” қонаққа барды. Аталған ойын алаң иелерінің стадионы дайын болмағандықтан “Астана арена” спорт кешенінде өтті.
Шыға сала қонақтар қауіпті шабуыл ұйымдастыруға ұмтылған. Алайда алаң иелері қарымта шабуылда тамаша ұйымшылдық танытты. Иван Цюпа мен Самат Жұмақанов сары-жасылдардың айып алаңына жақын жерде керемет комбинация көрсете білді. Әріптесінен пас алып, Иван қақпаға шірене тартқан. Ол доп қорғаушыдан кері серпілді. Сол тұстан көкшелік Максим Драченко шыға келді де оң бұрышты жиырма бес метр жерден нысанаға дәл жеткізді. Осы соғылған голдан кейін қоқонақтар бірінші номермен алға лап қойды. Жартылай қорғаушы Милиан Вукадинович тамаша мүмкіндікті мүлт жіберді. Қорғаушыдан кері кеткен доп Самат Жарынбетовтің алдына топ ете түсті. Допты алып алға ұмтылған Саматты алаң иелерініңиелерінің осының алдында ғана көзге түскен ойыншысы қасақана шалып жыққан болатын. Осы жерде төрешілер тарапынан бір ауыздан он бір метрлік айып добы белгіленді. “Тобылдың” капитаны Серікжан Мужиков таразы басын теңестірді.
Ойынның екінші бөлігінде сары-жасылдардың бапкері алаңға Рамазан Оразов, Асмир Сульич, Жаслан Жұмашев, Сердж Дебле, Бағдат Қайыровты шығарып, тактикалық жүйеге біраз өзгерістер енгізілді. Алаңға жаңадан шыққан Асмир Сульич пен Рамазан Оразов тамаша пас алмасып, допты сол қапталдағы Милиан Вукадиновичке жеткізіп берді. Вукадиновичтің бұрыштан қиялап ұшқан добы алаңға бес минут бұрын қосылған Сердж Деблені тапты. Ол ыршып кеп табанын әуелеген ала допқа қоя салды. Осылайша Қостанайдың “Тобылы” “Оқжетпестен” “Астана аренада” маңызды үш ұпайды олжалады. Қорытынды есеп екі де бір.”Тобылдың” пайдасында.