Республика күні 11 қазанда жаңа “Қонай” шағын ауданындағы пәтерлердің кілттерін тапсыру кезінде басталған еді. Ал 24 қазанда “Юбилейный” шағын ауданында жалға берілетін үйдің кілттері тапсырылатын болады. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қаламқас САНДЫБАЕВА өңірлік коммукациялар қызметі алаңында айтып берді.
– “Жаңа тыныс MDi” жастар қоғамдық бірлестігінің бастамасымен “Елім менің” Жастар акциясы өтеді. Осы акция барысында Қостанай қоғамдық көлігінде шығармашыл жастар азаматтармен бірлесіп Патриоттық әндер орындайтын болады, – деп атап өтті Қаламқас САНДЫБАЕВА.
21 және 22 қазанда асық-атудан қалалық турнир, 25 қазанда үстел теннисінен жарыс өтеді.
Концерттік бағдарлама 25 қазанда сағат 15:00-де Сити-орталықта өтеді деп жоспарланған, алайда қолайсыз ауа-райына орын алған жағдайда “Мирас” мәдениет үйіне ауыстырылуы мүмкін.