1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Қостанай қаласының орталығында да жоғары деңгейде атап өтіліп жатыр.
Сити-орталықтағы мерекелік іс-шаралар облыстық ҚХА ұйымдастыруымен салтанат құрды. Түскі сағат 14:00-ден бастап, ұлттық биден, фетрден бұйыдар жасаудан шеберлік сабақтары басталды. Ұлттық ойындардан сайыстар өтті. Сондай-ақ қала тұрғындары үшін бас киім элементтері бар фотоаймақ жасақталды.
Мерекелік бағдарлама облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары мен қала әртістерінің қатысуымен өткізілетін концертпен түйінделеді.
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ