Орал қаласында шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша облымыздың құрама командасы 9 түрлі медальді жеңіп алды деп хабарлайды дене шынықтыру және спорт басқармасынан.
Ересектерден 1500 м қашықтықта Анастасия Астраханцева алтын, Полина Омелчук күміс, Алина Николаева қола жүлде еншіледі. Орташа жастағылар арасындағы 777 м қашықтық бойынша Алина Галичина алтын, Виктория Морар күміс, Диана Сағандықова қола медаль иеленді. 500 м қашықтықта Жандос Серекпаев, София Симакова, Илья Кафтанатийлер жеңімпаз атанды.