Қостанайлықтар бүгін қала күнін қалай тойлайды?

Қостанайлықтар бүгін қала күнін қалай тойлайды?

18 тамызда Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жағалауында сағат 12:00-ден бастап “Қазақ күресі” облыстық жарысы басталады. 18:00-ден 23: 00-ге дейін Түркфест республикалық этнофестивалі өтеді. Бағдарлама аясында қала тұрғындары үшін Қызылорда қаласынан қобызшылар ансамблі, Алматыдан келген қазақ батырлары өнер көрсетеді, сондай-ақ елордалық Ұлттық киім брендінің сән көрсетілімі жоспарланған.

Қала орталығында да 18 тамызға ойын-сауық бағдарламалары дайындалды. Таңертең кітап жәрмеңкесі, көрме, кешке жекпе – жек фестивалі өтеді. Байтұрсынов көшесінің бойында Air Art – 2023 Ореп суретшілері мен қолданбалы суретшілерінің көрмесі ұйымдастырылады.

 

Ал басты сахнада облыс әкімдігінің алдында осы күні сағат 19:30-дан 23:00-ге дейін қазақстандық әртістер Айжан Нұрмағамбетова, Құрмаш Махан, Нұрболат Арзамас, Тимур Омаров, Kalifarniya және Ресейден келген ди-джей Денис Рублев өнер көрсетеді. Төменде өткен күннен естелік суреттерді ұсынамыз.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу