Патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау» мобильдік қосымшасының көмегімен жол қауіпсіздік ережелерін бұзған «Ваз 2114» автомашинасының жүргізушісін анықтады деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Барлық 51 ереже бұзушылық жылдамдықтың асыруымен байланысты. Айыппұлдардың жалпы көлемі 1,5 млн теңгені құрайды.
Полиция қызметкерлері бұл автокөлікті арнайы айыппұл тұрағына қойды, жүргізушіге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.
Сондай-ақ, жүргізуші сақтандыру полисі мен техникалық тексерудің жоқтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қостанай қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Алмат Қарымсақов бұзушылықтарды автоматты тіркеу құралдары жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі үлес қосатындығын атап өтті. Бүгінгі таңда облыс орталығында осындай 53 жүйе орнатылған. Олардың көмегімен, сондай-ақ «Ekin Patrol» жылжымалы аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен 55 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды.
Патрульдік полицейлердің планшеттеріне орнатылған және «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешендерімен біріктірілген «Қорғау» мобильді қосымшасының көмегімен облыс жолдарында 455 қасақана құқық бұзушы белгілі болды.