Қостанайлық ұстаз жеңіл түсті металдарды балқытатын пеш құрастырып шықты

Қостанайлық ұстаз жеңіл түсті металдарды балқытатын пеш құрастырып шықты

Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырған  «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауында Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі Сайын Думанның  бұл жобасы лайықты түрде бас жүлдені жеңіп алды.

Газетімізге берген сұхбатында жеңімпаз ұстаз өзінің табыс құпияларымен, оқыту әдістерімен және кәсіби жолында шабыт беретін идеяларымен бөлісті.

– Байқау туралы мектеп әкімшілігі хабарлады. Осы сайыс алдында оқушыларыммен осы жобам арқылы сайысқа қатысқанмын, бірақ  бақ шабады ма әлде, бап шабады ма» дегендей, бар күшімізді салып жүлделі орыннан үміттеніп дайындалып қатысқанымызбен орын бұйырмады. Сосын өзім осы жұмыспен  «Педагогикалық идеялар фестивалі» облыстық сайысқа қатысып көргім келді. Облыстық кезеңнен 1 -орын алып, Республикалық кезеңге жолдама алдым. Менің тақырыбым “Күрделі құрылғылардың прототипін жасау”. Менің сабақ беретін Көркем еңбек пәнінде 6-7 сынып тақырыптарында «Зергерлік бұйымдар жасау» тақырыбы бар. Осы тақырып  барысында  зергерлік бұйымдарды құрастырып, сымнан, әртүрлі моншақтардан  бұйым жасайтынбыз. Біз одан да күрделі заттар жасағымыз келді. Ол үшін жеңіл түсті металдарды балқытатын пеш қажет болды. Мектеп қабырғасында от жағып, қорғасын, алюминий сынды тез балқитын икемді металдарды балқытқымыз келді. Қауіпсіздік үшін от жағуға рұқсат етілмейді. Сол себепті бізге электр токпен жұмыс істейтін пеш қажет екенін білдік. Сатып алу бағасы қымбат. Біз сондай пештің прототипін жасап, металды балқыта алатын пеш құрастырып шықтық, – дейді Сайын Думан.

Жалпы пешті құрастырып шығу үшін 2 апта уақыт жеткілікті болған. Таңдаған пеш үлгісі нарықта 512 мың теңге тұратынын ескерсек, Сайын ұстаз бастаған топ оның үлгісін  негізге алып, бар-жоғы 20 мың теңгеге жасап шықты. Оған электр ток, қол жұмысы, тағы да басқа кіші шығындар есептелмеген, тек марериалдарына сонша шығын жұмасалыпты. Осылайша, жұмысқа қажетті балқыту үшін жасалған пеш сынақтан жақсы өтті. Сұхбаттың толық нұсқасын газетіміздің алдағы сандарының бірінен оқи аласыздар.

Бахыт Исембаева

ҚӨУ студенті

Жаңалықтармен бөлісу