Қостанайлық ұстаз минстрліктен төсбелгі алды

Қостанайлық ұстаз минстрліктен төсбелгі алды

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәнінің мұғалімі-сарапшысы  Алмас Сәдуақасов ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қолынан “Ерен еңбегі үшін ”төсбелгісін иеленді.

Алмас Жұмашұлы 2015 жылдан бері мектебімізде табысты еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол көптеген оқушыларды республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындап, үздік жетістіктерге қол жеткізді.

blank

Жақында ғана оның шәкірті Андрей Енбахтов IGeO–2025 халықаралық география олимпиадасында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның атын әлемдік аренада асқақтатты.

Алмас  – Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабының лауреаты.

Ұстаздың табанды еңбегі мен білімге деген сүйіспеншілігі шәкірттерінің биік белестерді бағындыруына жол ашып келеді.