Қостанайлық ұландықтар ұлы жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік концерт берді 

Қостанайлық ұландықтар ұлы жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік концерт берді 

Қазіргі таңда жан-жақта ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар легі басталып кетті. Оған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері де айтарлықтай үлес қосқанын хабарлады.

Баспасөз қызметі хабарлағандай бұл іс-шараны  ұландықтар «Жеңіске 70 күн қалды» акция аясында ұйымдастырып отыр.

Осылайша, Қостанай қаласындағы «Mart» сауда үйі мерекелік думанға бөленді. Жеңіс жылдарындағы әндер шырқалып, қала тұрғындарының көңіл күйлері көтерілді.

“Ұлттық ұлан сарбаздары бүгінде бізге керемет көңіл күй сыйлады. Күтпеген жерден болған бұл концерт біз үшін үлкен бақыт есебінде есептелді десем артық етпес. Ата-бабаларымыздың ерен ерлігін еске алуға көмектескен ұландықтарға мың алғыс”, – деп  қала тұрғындары алғысын жаудырды.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша аталмыш іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады.

Бұл іс-шаралардың басты мақсаты халыққа көңіл күй сыйлап, өскелең жас ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастыру екені сөзсіз.

Айбол Өміртаев 

ҚӨУ студенті 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу