Қостанайдағы Абай даңғылы 155 үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шықты деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінен. Оқиға түнгі сағат он бірлер шамасында болған. Өрттің алдын алуға сол үйдің тұрғыны, департаменттің аға инженері себепші болған.
Кешкі серуеннен оралып келе жатқан төтенше жағдайлар департаментінің аға инженері Е. Рүстем сол үйдің 73 пәтерінде тұрады. Дәліздің кіреберісінен түтін иісін сезген ол өрт ошағын анықтап, азаматтардың қауіпсіздігіне көз жеткізу үшін көршілдердің пәтерлерін біртіндеп қағып шығуына тура келді.
«Ашылмаған пәтерлерден кілт саңылаулары арқылы түтіннің бар-жоғын тексере бастадым. 68 нөмірлі пәтеріндегі кілт саңылауынан түтін шықты. Тоқтамай қаға бергеннен кейін маған ер адам әрең дем алған күйінде ашты. Оның жағдайы дұрыс емес екенін бірден түсіндім. Көтеріп сыртқа шығардым», – дейді ол.
Пәтерге қайта оралғанда барлық бөлмелерді қою түтін жайлап кеткен еді. Төргі бөлмеде жанып жатқан аумақтан кілемді тартып сыртқа шығарады, барлық терезелерді ашып желдетуге кірісті.
Осыдан кейін барлық қауіпсіздік қызметтері келіп, азаматтардың өміріне қауіп төндірмейтініне көз жеткізді.