️Бүгін тергеушілер қызметтің құрылған күнін атап өтуде. Биыл тергеу басқармасының құрылғанына 60 жыл толды. Осы уақыт ішінде көптеген өзгерістер болды, бірақ жұмыс принциптері – адалдық пен бейтараптық өзгеріссіз қалды.
Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков тергеу басқармасында өз ісінің нағыз мамандары жұмыс істейтінін, олар қажырлы еңбектің арқасында әртүрлі күрделіліктегі істерді тергеп-тексеретінін атап өтті. Бүгінгі таңда бөлімшенің алдына уақыт өткен сайын күрделі және жауапты міндеттер қойылуда. Олардың орындалатынына еш күмән жоқ. Бүгінгі таңда қылмыстық істерді тергеу электронды форматта жүргізілуде.
Ол ел тәуелсіздігінің қалыптасуының қиын жағдайында нағыз кәсіпқойлардың тұтас бір тобын қалыптастыра алған ардагерлер жас қызметкерлермен жинақталған тәжірибелерімен бөлісетінін атап өтті.
Содан кейін Ерлан Омарбеков салтанатты түрде марапаттарды, оның ішінде алғыс хаттар мен мерейтойлық медальдарды табыс етті.
Мәселен, ҚР ІІМ Министрінің бұйрығымен тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Есімқан Құрлеутов “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды. “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісі Қостанай ауданы полиция бөлімінің аға тергеушісі Айгүл Серғазиноваға тағылды. ҚР ІІМ алғыс хатымен Рудный қаласы полиция басқармасының аға тергеушісі Валентина Баева марапатталды.
Сондай-ақ, Қостанай облысы прокурорының орынбасары Бауыржан Бекбосыновқа және ІІМ ардагерлері Бақыт Ғалиевке, Серік Сақтағановқа, Арон Алматовқа, Ерлан Сейітовке және Қостанай ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Дархан Шонтасовқа “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісі табысталды.
Қостанай облысы ПД алғыс хаттарымен Қостанай облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Рамиль Хисматуллин және Қостанай облысы бойынша сот сараптамалары институтының директоры Нұрбек Мұқашев марапатталды.