Бүгін А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіне Президент Хан Су Ван мырза бастаған Тонг Ый университетінің делегациясы келді. Делегацияның келу мақсаты – қос білім ордасы арасында көлік құрастыру және білім саласында әріптестік жөнінде келісімге қол қою.
Енді қостанайлық студенттер кореялық «КIA» көліктерін құрастыруды да үйренеді.
Тонг Ый – Оңтүстік Кореядағы тарихы терең, ежелден келе жатқан жеке университеттердің бірі. Түлектерді жұмыспен қамту бойынша аймақтық көшбасшы ретінде танымал. Екіжақты кездесуде білім беру бағдарламаларының сапасы мен табысты тұлғаны қалыптастырудағы бірегей тәжірибе туралы сөз болды. Тағы бір айта кетерлігі, Тонг Ый университеті «Hyundai» корпорациясымен тығыз қарым-қатынаста.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлы онлайн құттықтады.
«Біздің еліміз машина жасауда кадрлық ашықтықты бастан кешуде. Отандық зерттеулер мен жоғары білікті кадрлардың тапшылығын болдырмау үшін жұмыстарды қарқынды ете білуіміз керек. Қостанай өңірлік университетімен Тонг Ый университеті өзара іс-қимылы шын мәнінде нәтижелі болатынына сенімдіміз. Кездесу өз нәтижесін беріп, еліміз машина жасауда саласында биік белестерді бағындырады. Өте маңызды кездесу. Президенттің тапсырмасымен елімізде бірнеше шетелдік университеттердің филиалдары ашылуда. Былтыр 4 филиал ашылды. Келесі жылы тағы да төрт филиал ашылады деп күтілуде. Жасанды интеллект, технология, электромобиль, көлік құрастыру, кибер қауіпсіздік, ақпараттық технологиялар, геоинженерия сияқты ұлтымызға керекті салалар қамтылған. Сондықтан министрлік тарапынан толыққанды қолдау табады», – деді Саясат Нұрбекұлы.
Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты – кадр даярлау. Хан Су Ван мырзаның айтуынша оның университетімен тек білім алу үшін ғана емес, ғылыммен шұғылдануға мүмкіндік беретін мықты база жасақталған. Көлік құрастыру бойынша өзара тәжірибе алмасып, жоғары оқу орындары арасында білім беру бағдарламалары әзірленеді. Бірінші келісім көлік құрастыру жобалары болса, алдағы уақытта басқа мамандықтар бойынша әріптестік қатынас орнамақ. Болашақта қос диплом алу мәселесі де қос тараппен шешімін табады.
Екі жылдан соң Қостанай индустриялық аумағында «KIA» автомобиль өндіретін зауыттың іргетасын қалау жоспарланған. Зауыттың өндірістік қуаты алғашқы кезеңде жылына 70 мың автокөлікті құрамақ. Қолданыстағы өндірістерді ескере отырып, тек облысымыздың ғана емес, көлік құрастыру көлемі Қазақстанға автомобиль нарығының ішкі қажеттіліктерін, ТМД елдері бойынша автомобильдердің маңызды экспорттаушысы болуға мүмкіндік бермек.
Өз кезегінде А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетінің ректоры Сейітбек Қуанышбаев келген қонақтарға білім саласында шетелдік тәжірибе берік қалыптасқанын айтты.
«Көптен күткен бұл біздің былайша айтқан кезде, жоспарымыз еді. Сол жоспарымыз бүгін орындалып отыр. Тек қана айтылып қойылмай, оны іске асыру біздің қолымызда. Оған мүмкіндігіміз бар», – деді ол.
Осы орайда отандық оқыту жүйесінде нәтиже беріп келе жатқан қосдипломдық бағдарламаны айрықша атап өту керек.
Оның кәсіби кадрлар даярлауда берер пайдасы орасан зор. Серіктес университеттердің жетекші оқытушыларының прогрессивті білімдерін игеру өңір жастарына жарқын болашақтың жолдамасын ұсынады.
Арнайы келген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бас сарапшысы Әсет Дәрімбек:
“Екі университет арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі тереңдеп, ілгері дамуына қызығушылық танытып отырмыз. Себебі бұл тек Қостанай облысы үшін ғана емес, жалпы ел үшін үлкен болашағы бар жоба деп білеміз”, – деді.
Кездесу соңында қонақтар бір-бірімен естелік сыйлықтар алмасты.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Инабат Нағашыбай