Қостанайлық сарбаздар әскерден оралды

Қостанайлық сарбаздар әскерден оралды

Қазақстан Респубилкасының Қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеген сарбаздарды жұртшылық құрметпен қарсы алды. Көпшілігінің қолында еліміздің көк туы желбірейді.

Сарбаздарды күтіп алуға келгендердің арасында олардың ата-аналары, тума-туыстары, қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, ардагерлер және достары бар. Олар азаматтық парызын Қонаев қаласында атқарған. Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, отызға тарта сарбаз туғандарымен қауышты.

 

Салтанатты жиында 6697 әскери бөлім командирінің орынбасары Ескендір Сараубеков сөз сөйледі.

“Бір жыл уақыт бойына қызмет етіп, антқа адал болып, абыроймен оралып тұрсыздар. Әскери сынақтардың бәріне шыдас беріп, батылдық пен төзімділік таныттыңыздар. Ұлдарын бір жыл бойына қолдап, жігерлендіргендері үшін ата-аналар қауымына рахмет”, – деді 6697 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ескендір Сараубеков.

Жас сарбаздар өздері қала алдағы уақытта келісім-шарт бойынша әскери қызметке жұмысқа тұра алады.

“Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде отан алдындағы борышымды өтедім. Бір жылдың ішінде көптеген дүние үйрендік. Әскери тәртіп бәрімізді ширықтырды. Өзімнің командирлеріме рахмет айтамын. Жанашырлық танытып, абыроймен аттандырып жіберді”, – дейді сарбаз Нұржан Абылайхан.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу