ТЖМ 112 қызметіне 1996 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабар түсті. Ол Жанкелдин ауданындағы Көлқұдық қожалығынан мотоциклмен шығып, қайта оралмаған.
Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдері бірден жұмылдырылды.
“Операцияға қолайсыз ауа райы кедергі келтірді. Тұманды күні ер адам бағдарынан жаңылып, жолдан адасуына себеп болды. Қоңырау түскеннен кейін небәрі 21 минут ішінде ер адам Торғай ауылынан 6 шақырым жерде табылды”, – деп хабарлайды ТЖМ.
Оған медициналық көмектің қажеті болмады. ТЖМ тұрғындарға алыс аймақтарға шыққанда жақындарына өз бағыты туралы хабарлап, әрдайым байланыс құралдарын алып жүру қажеттігін ескертеді.