Қостанайлық құтқарушылар дала жолында жеңіл көлікті шығарды

Қостанайлық құтқарушылар дала жолында жеңіл көлікті шығарды

Өткен 19 шілдеге қараған түні құтқарушылар мен полицейлер «ВАЗ-2107» көлігімен жолдан тыс жерде 5 адамнан тұратын жолда қалған отбасына көмектесті. Автокөліктің салонында 3 кәмелетке толмаған баланың болуына байланысты жағдай күрделене түсті. Оқиға Аманкелді ауданындағы дала жолында болған. Жанкелдин ауданының тұрғындары Астанадан үйлеріне қайтып келе жатқан еді. Жаңбырдың біткенін күтіп, тек кешке жолға шыққан.
«Жолды қысқарту үшін қара жолмен жүрдік. Жаңбырдан кейін сазды жол езіліп кетті. Ылғал жер доңғалақтардың шиналарын балшыққа толтырып, көліктін жұмыс қабілеттілігін төмендетті. Шалшықтар қозғалысты қиындатты.
Амантоғай ауылынан 10 шақырым қашықтықта көлік сумен толтырылған кішкене шұңқырға түсіп, балшыққа терең батып кетті. Оны өз бетімен шығаруға тырысу сәтсіз аяқталды», – дейді жолаушы. Кейін отағасы құтқарушылардан көмек сұрады.
Сағат 02:40-та Аманкелді ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері «Нива» автокөлігімен далада зардап шеккендерді тапты. Олар дыбыстық және жарық сигналдарын берді.
Құтқарушылар сүйрету арқанының көмегімен автокөлікті тартып шығарып, сағат 04:41-де оны «Әулиекөл-Жолдама» автожолының қауіпсіз учаскесіне сүйреп апарды.

Жаңалықтармен бөлісу