4-10 қыркүйек аралығында Астанада «Қазанат» ипподромында ұлттық спорт түрлерінің VI фестиваліне қатысты. 5 күнге созылған сайыста 1300-ден астам адам спорттың 11 түрінен жарысқа түсті.

— Мен 15 жасымнан бастап көкпармен айналысамын. Бұл ойын төзімділікті, шымырлық пен жылдамдықты және жақсы физкалық дайындықты қажет етеді. Сонымен қатар, бұл спорт бізді ата-бабаларымыздың дәстүрлерімен және тарихымызбен байланыстырады. Дәл осы критерийлер мен үшін өз дағдыларымды дамытуға түрткі болды, — дейді полиция қызметкері.

— Жарыс жоғары деңгейде өтті. Біз осы жарыстарда лайықты бәсекеге түсе алғанымызға қуаныштымыз. Келесі сайыстарда үздік нәтиже көрсетеміз деп үміттенемін, — дейді команда капитаны.