28 мая, 2025
Қостанайлық полицейлер есірткілік заттардың ірі партиясын тәркіледі

Қостанайлық полицейлер есірткілік заттардың ірі партиясын тәркіледі

Жедел іздестіру шаралары барысында қостанайлық 21 жастағы тұрғынның үйінен айрықша заттар салынған бес шыны құты және екі полимерлі Zip-пакет табылды.

— Зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін ер адамның құтыларда кептірілген марихуана сақтағаны белгілі болды. Пакеттерде психотроптық саңырауқұлақтар мен құрамында психотроптық заттар бар «Ксанакс» дәрілік препараты мен таблеткалар бар болып шықты, — дейді Қостанай облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы Амир Нигматзанов.

Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы – 1067,16 грамм, кептірілген саңырауқұлақтар, сондай-ақ психотроптық таблеткалар – 312 дана.

Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.