Қостанайлық оқушы сәнді балауыздар жасауды шебер меңгерген

Қостанайлық оқушы сәнді балауыздар жасауды шебер меңгерген

Сәндік шамдарды жасау нақты білімді, үлкен инвестицияны қажет етпейді, Тек қиял, шығармашылық қабілет болса жеткілікті. Соның арқасында айтарлықтай табыс табуға да болады. Ең бастысы, балауыздар тұтынушының көңілінен шығатындай болуы шарт. Балауыз шамдарды жасау кәсібін 14 жасынан игере бастаған Әнел Жасұланова өзінің ерекше қабілеті туралы бізбен сыр бөлісті.

 «Қазіргі уақытта мен №1 мектеп-лицейде оқимын. Балауыз шамдарды жасау кәсібімен айналысып жүргеніме 1 жылдай уақыт болды. Әпкем бұрынырақта осы кәсіппен айналысқан еді. Өнердің бұл түріне әпкемнің арқасында келген едім. Бүгінде 20-дан астам өнім түрін жасаймын. Сондай-ақ, эфир майларының арқасында әркімнің өз талғамына қарай кесінді таңдауға мүмкіндігі бар»,-дейді Анель.

Қазіргі таңда үйдің сәнін келтіріп, әртүрлі бұйыммен әшекейлегісі келетіндер жетерлік. Дүкендерде сатылатын шамдардың әртүрлілігі көздің жауын алады: хош иісті, әртүрлі пішінді кескіндер. Жалпы, бұл өнімге сұраныс бар. Бастысы, нарықта ерекшелену үшін өнімнің жаңа нұсқаларын ұсыну қажет.

«Мен ешқандай курсқа қатыспай-ақ шам жасау кәсібін игеріп алдым. Кейде кәсіпкерлікті және оқуды қатар алып жүру қиындыққа соғады. Дегенмен, тұтынушы тарапынан сұраныстың түсуі бойыма күш-қуат береді. Балауыз шамдарды жасаудың негізгі қадамдары: біріншіден, балауызды тазалап, оны балқыту қажет, кейін қажет түстер мен эфир майын қосу, дайын қоспаны арнайы мүсіншілерге құйып, соңында балауыздың тоңазығанын күту ғана қалады. Шамдар өздерінің негізгі атқаратын функциясынан басқа, қазір интерьер заттары ретінде де, үйге жағымды иіс пен атмосфера беру үшін де қолданылады. Оған осы өнімдердің әртүрлі қоспалары арқылы қол жеткізілетін балғын хош иісті эфир майларын қосу әсер етеді. Егер қолөнермен айналысуға ниет білдірсеңіз, онда бұл – кәсіпкерліктің ең қолайлы түрі»,-деп айтты жас кәсіпкер.

Ділназ Ізтелеуова,

3-курс

Жаңалықтармен бөлісу