Қостанайлық өнерпазға қолдау көрсетейік

Қостанайлық өнерпазға қолдау көрсетейік

Еліміздегі ірі тележобалардың бірі «Х Фактор» мегажоба байқауында Ұлпан Жұмабек Қостанай облысының намысын қорғап жатыр. Бүгінде ол жобаның финалына кірді. Әйгілі отандық әнші Дильназ Ахмадиеваның тобында өнер көрсетуде.

Ұлпан – Әулиекөл ауданының тумасы.

Бүгінгі таңда Қостанай облысының «Ұлттық сараптама орталығында» қызмет етеді. Өнер мен қызметті қатар алып жүрген Ұлпанның армандарының бірі – әнші болу. Сіз бен біз ол арманына қол жеткізуінің себепшісі бола аламыз.

Біз Қостанай өңірінің барлық тұрғындарын жерлесімізге бірге дауыс беруге шақырамыз, өйткені қазір бәрі тек көрермендердің дауысына байланысты болғалы тұр.

 

Құрметті Қостанайлықтар!

30 желтоқсан күні Ұлпан тікелей эфирде Еуразияның Бірінші арнасында өнер көрсетеді. Жерлесімізге барынша қолдау көрсетейік. Ұлпанның реттік номері 2.

Ұлпанға дауыс беріп, жеңіске жетуіне көмектесейік.

Жаңалықтармен бөлісу