Бүгінгі қоғамымызда барлық сала жоғары деңгейде дамып келеді. Соның ішінде кондитер саласы да күн санап түрлі жетілу үстінде. Кондитерлер арасындағы жоғары бәсекелестік оларды жаңа идеялар, ерекше дәмдер және десерттерді безендіру әдістерін ойлап табуға итермелейді. Осылайша, классикалық көп қабатты торттар қатарына корейлік бенто-торттар қосылды.
Бенто-торт – жастар арасында жаңа трендке ие тағам түрі. Біздің өңірімізде де Валерий-Анастасия Уваровтар отбасы бұл саланы өздерінше дамытуда.
«Бенто-торт кондитерлік кәсібін 2022 жылы күйеуім екеуіміз бастадық. Бұл саланы өзіміздің негізгі жұмыспен ұштастыра бастағанда алғашқы қиындықтарға тап болған едік. Сондай-ақ, бұл салада тәжірибе аз болғандықтан, біраз қателіктер болды. Ең үлкен қиындық – қажетті материалдың жетіспеушілігі, өйткені бенто-торт ұғымы өңірімізге енді ғана енуде. Бастапқыда бұл саланы хобби ретінде қарастырдым. Кейін тұтынушылар арасында өнімдеріміз жоғары бағаланған сәтте, кәсіп бастауға қызығушылығым арта түсті. Кәсіп бастауда күйеуім әрдайым қолдау көрсетті және бұл саланы бірге бастаймыз деген ортақ шешімге келдік», – дейді Анастасия Уварова.
Бенто-торт – 2-3 порцияға арналған кішігірім тәтті нан. Оның негізгі құрамы — бисквит, салынды және крем. Бір реттік шағын ыдыс ішіне пергамент жайып, тортқа арналған шам және кішкентай шанышқы салынады. Бенто-торттың салмағы 1 келіден аспайды.
«Бенто-тортының классикалық үлкен торттардан айырмашылығы, менің ойымша, көлемі кішігірім болғандықтан, тасымалдауға ыңғайлы, сонымен қатар безендірілуі ерекше. Жұмыс барысы бірнеше тараптарды қамти отырып, үлкен еңбекті талап етеді. Бір бенто-торт пен үлкен торт жасауға бірдей уақыт қажет. Шамамен, 12 сағат еңбектену қажет. Бұл өнімнің өзектілігі артып келеді, өйткені адамдар үлкен торттарға қарағанда ыңғайлы, кішігірім торт тұтынуды әдетке айналдырып келеді», – дейді ол.
Бенто-тортқа тапсырыс берерде өзіңіз қалаған сөзді жаздырып, сурет салдыра аласыз. Мұндай тортты безендірудегі басты ереже — оның қарапайым болуы. Сондықтан оны көбіне маңызды сөздер жазылған минималды дизайнмен дайындайды.
Ділназ Ізтілеуова
Журналистика мамандығының студенті