Қостанайлық әскери бөлім спортшылары самбодан Ұлттық ұлан чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

Қостанайлық әскери бөлім спортшылары самбодан Ұлттық ұлан чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

Түркістан қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының спорттық және жауынгерлік самбодан чемпионаты өтті.

Аталған додада еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған әскери бөлімдердің 70-ке жуық әскери қызметшілері мен офицерлері бақ сынасты.

Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен чемпионатта жеті команда он салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады.

Жарысқа Қазақстан және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен халықаралық жарыстардың жүлдегерлері қатысты.

Осы сында Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Мәлік Байсұлтанов — күміс жүлде, Жандос Ғалымжанов — қола жүлделі орындарға ие болды.

blank blank

Бұл чемпионат – Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары жауынгерлік дайындықпен қатар, спорттық шеберлігі де жоғары деңгейде екенін тағы бір дәлелдеді.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі