Қостанайлық Әбдіназаровтар отбасында екінші бала фельдшердің шұғыл көмегінің арқасында дүниеге келді

Қостанайлық Әбдіназаровтар отбасында екінші бала фельдшердің шұғыл көмегінің арқасында дүниеге келді

Шақыртумен жедел жеткен фельдшер Камила Жауғаштинова өз бетінше шұғыл шешім қабылдауға мәжбүр болды.

Пациентке тексеру жүргізіп, жағдайды бақылағаннан кейін оның босану кезеңі таяғанын және перинаталдық орталыққа баруға уақыты жоқ екенін түсінді. Осылайша, әйелді өз бетінше босандыруға кірісті. Фельдшердің кәсібилігі мен ата-анасының саналы қатысуының арқасында дені сау бала дүниеге келді.

Жедел жәрдем бригадасы ана мен жаңа туған нәрестені облыстық аурухананың перинаталдық орталығына жеткізді. Қазіргі уақытта екеуінің жағдайы қалыпты.

“Бәрі аяқ астынан болды. Бригада өте тез келді. Жәрдемдескен маманның көзінде қорқыныш мүлдем болған жоқ, керісінше қуаныш, тыныштық, жинақылық байқалды. Мен оны кездестіріп, жеке алғыс айтамын деп үміттенемін. Ұлым дені сау болып дүниеге келді”,– деп есіне алады Карина.

Камила болса,  олардың кәсібінде алаңдауға уақыт жоқ екенін айтады.

Мен жай ғана өз жұмысымды жасадым. Әрине, жағдай күрделі болды. Бәрі ойдағыдай өткеніне өте қуаныштымын. Бұл шынымен де – жаңа өмірді қолыңызда ұстау бақыты”, – дейді ақ халатты абзал жан Камила Жауғаштинова.

Жыл басынан бері жедел жәрдем станциясының фельдшерлерінің көмегімен  осылай  10 бала дүние есігін ашқан.

Жаңалықтармен бөлісу