28 мая, 2025
Қостанайға Ұлытау облысынан гуманитарлық көмек келе жатыр

Қостанайға Ұлытау облысынан гуманитарлық көмек келе жатыр

Қазіргі уақытта 40 тоннаға жуық жүк жиналып, Қостанайға жөнелтілген. Қайырымдылық шарасына өңір халқы, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер белсенді атсалысқан.

Жиналған гуманитарлық көмек Қостанай облысына арнайы жүк көліктерімен жолданған.

«Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» жобасы аясында «Жомарт жан» орталығы құрылып, аймақ тұрғындарынан, ұзақ мерзімге жарамды азық-түлік, киім-кешек пен тұрмыстық заттар жиналды», – делінген хабарламасында.