Министрдің бірінші орынбасары Арнайы жұмыс сапарын облысымыздың ата-аналар қауымымен, педагогтерімен кездесуден бастады.
“Мемлекет басшысы оқыту сапасын арттыруды бүкіл білім беру жүйесінің аса маңызды басымдығы деп, осы бағыттағы жұмыстың мақсаттарын айқындады. Бұған ден қою педагогтердің жергілікті жерлерде іске асыратын басты міндеті”, – деген Вице-министр білім сапасына ден қою жөніндегі ұлттық баяндама жобасына баса назар аударды, – ол үшін әрбір педагогтің шынайы қызығушылығы қажет”.
«Озат» лицейінің оқушылары мен педагогтері бірінші вице-министрге ақпараттық технологиялар саласындағы жұмысы туралы айтып берді.
Ынталы зерттеушілер, робототехникамен айналысып жатқан оқушылар, киберспортшылар жаңадан ашылған «IQostanai» Оқушылар сарайында алғашқы жетістіктерімен таныстырды.
Облыстық білім басқармасының келтіріген деректеріне қарағанда, жаңадан ашылған ғимараттың құрылысына 11,3 млрд теңге қаражат жұмсалған. Онда 1300 оқушы заманауи кабинеттер мен шеберханаларда, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық және эстетикалық бағыттағы студияларда өздеріне ұнайтын істерімен шұғылдана алады.
Вице-министр жұмыс сапарын өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығынан аяқтады. Қазір орталықта 33 бала бар. Олардың мектеп-кітапханаға баруынан тыс қажетті уақытында экскурсиялар мен іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Суреттер білім басқармасының ресми сайтынан алынған