28 мая, 2025
«Тобыл» ФК сербиялық ойыншымен келісім-шартқа отырды

«Тобыл» ФК сербиялық ойыншымен келісім-шартқа отырды

Сербиялық футболшы Игор Иванович алдағы маусымда Қостанай клубының намысын қорғайды, деп хабарлайды «Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі.Сербиялық жартылай қорғаушы Игор Иванович «Тобыл» клубымен келісім-шартқа қол қойды. Өткен маусымда Игордың ойын тәжірибесі аз болды, бірақ ол алаңдағы уақытын өте пайдалы өткізді. Атап айтқанда, 14 ойында 3 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.