Қостанайдың табысы аз кәсіпкерлері салықтың артуынан зардап шегіп отыр

Қостанайдың табысы аз кәсіпкерлері салықтың артуынан зардап шегіп отыр

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында кәсіпкерлер  қалалық мәслихат депутаттарына өңірдегі бөлшек салық мөлшерлемесін төмендетуді қолдауды ұсынды.

Облыстық  кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жібек Сейітованың айтуынша, бұл мәселе өткен жылы да көтерілген еді.  Бірақ, қалалық мәслихаттың  депутаттары бұл шешімді қолдамады. Осылайша, астықты өңірде  бөлшек салық ставкасы өзгеріссіз, 4 %-тік деңгейде қалды.  Еліміздің басқа облыстарында  халық қалаулылары кәсіпкерлердің келтірген дәлелдерін тыңдап, салықты 2% -ке  дейін төмендетті.  Дәл осы  кәсіпкерлік бастаманы дамытуға елеулі түрткі болды.

Шағын бизнес өкілі Виктория Лидің айтуынша, бөлшек салықтың қолданыстағы ставкасы барабар. Алайда,  SNT енгізу бойынша бизнеске қойылатын көптеген талаптар, төлемдерді қабылдау кезінде банктік ставкалардың проценті, коммуналдық қызметтердің өсуі, бүгінгі күні бизнес шығындарын арттырады және тауарлардың құнына әсер етеді.

Мәселен, әлеуметтік маңызы бар өнімдерді сату кезінде кәсіпкер шығынға батады.

Сондықтан,  ел Президенті белгілеген мұндай қолдау шарасы босатылған қаражатқа, штатты ұлғайтуға, жалақыны көтеруге, бизнеске цифрлық шешімдерді енгізуге және т. б. көмектеседі.

Қоғамдық тамақтану желісінің өкілі Ғалинұр Баянбековтің де пікірі осы тақылетес.  Ол бүгінде 30 адамға жұмыс тауып беріп отыр.

“Егер бизнес үшін осындай маңызды шешім қабылданса, біздің кәсіпорында қызметкерлердің жалақысы бірден артады”, – дейді Ғалинұр Баянбеков.

Консалтингтік компанияның директоры Айзада Дүйсенбаева бөлшек салықты есептеу тетігі нақты жалақыны есептеуге көшуге ынталандыруды көздейтінін атап өтті. Өйткені, салықты есептеу формуласында қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорының сомасын азайту көзделген. Тиісінше, жергілікті бюджетке түсетін жалақы салығы да артады.

Кеңес төрағасы Владимир Шакун депутаттарға кәсіпкерлердің  ұсынысына мұқият қарауды сұрады. Облыстық  кәсіпкерлер палатасы бұл жағдайда мәселені талқылауға әзір.

ШОБ мәселелері жөніндегі салалық кеңестің төрағасы, кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу қауымдастығының өкілі Валентина Шмонина бұл салық еліміздің әр облысында  бизнеске жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне назар аударады.

Егер бұл шешім біздің өңірде қабылданбаса, онда көптеген кәсіпкер жергілікті нарықтан кетуі мүмкін. Мұндай жағдайлар қазірдің өзінде ішінара кездеседі. Кейбір кәсіпкер өз  бизнестерін Қарағанды облысына ауыстырған.  Онда бөлшек салық ставкасы бір жыл ішінде 2% – ке төмендеді.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев биылғы 15 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қызмет түрлерінің тізімі екі есеге – 364-ке дейін кеңейтілгенін атап өтті.

Бұл тауарлардың түпкілікті бағасын төмендетуге және бизнеске салық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабылов халық қалаулылары бұл мәселе бойынша шешім қабылдайтынына уәде берді. Кеңес отырысында “Ауыл” партиясынан қалалық мәслихат депутаттарының бірі Арман Алпысов  та осы шешімді қабылдауды және кәсіпкерлерді қолдауды жақтады. Айтпақшы, соңғы  шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарының  құрамында  тоғыз  бизнес өкілі бар.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу