Өңірімізідің ауылдық жерлері мен моноқалаларында «Болашақ инженерлер» ұлттық жобасын іске асыру жұмыстары басталды.
Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Ол балалар үшін робототехниканы зерделеуге жағдай жасаудың тиімді қадамы болмақ. Бағдарлама ауылдық мектептер мен моноқалалардың оқушылары үшін қолжетімді әрі сапалы қосымша инженерлік білім алатын орта құруға бағытталып отыр. Жобаға Президенті Қ.Тоқаевтың “Білім алушылардың инженерлік құзыреттерін дамыту туралы” тапсырмасы түрткі болғанын айта кетейік.
Бастамаға «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, «Инженерлік білім беруді дамыту» қоры және «Арман Инжиниринг» ЖШС демеу болуда.
Қостанай облысында бірінші жоба бойынша 102,0 млн теңгеге 20 робототехника кабинеттері ашылды.
Қазір Қазақстанның моноқалаларында жобаның екінші толқынын жүзеге асыру басталып жатыр. Соған сәйкес облысымыздың моноқалаларында тағыда 38 робототехника кабинеттерін ашу жоспарлануда (Лисаков қ. – 4, Жітіқара қ. – 7, Аркалық қ. – 9, Рудный қ. – 18).
Алдағы уақытта облыстың 58 мектебіне 330,0 млн теңгеден астам инвестиция салынады.
2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10 мыңнан астам қазақстандық оқушы заманауи жабдықта инженерлік құзыреттерді игере бастайды, ал мұғалімдер заманауи технологияларды оқыту саласында өздерінің педагогикалық дағдыларын дамытады. Бағдарламаны іске асыру аясында жаңа «тәлімгер» мәртебесін алады. Табысын ұлғайта отырып, өз біліктіліктерін арттыра алады.
Бұл жобаға «RED FEST» жарыс қозғалысы енгізілген.
Онда жергілікті атқарушы органдар робототехника бойынша өздерінің жергілікті облыстық жарыстарын өткізуге тиіс.
«Болашақ инженерлер» жобасы еліміздегі инженерлік білім беруді дамытудағы және оқытудың инновациялық жаңа әдістерін қолданудағы маңызды кезең болмақ.