Қостанайдың 147 жылдығы спорт пен өнерді тоғыстырды

Қостанайдың 147 жылдығы спорт пен өнерді тоғыстырды

Қала күні биыл Қостанайда ерекше мазмұнмен аталып өтті. 147 жылдық тарихы бар шаһардың мерейтойы спорттық дода мен музыкалық фестивальге ұласып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Өткен жексенбі күні таңертең Қостанайда Kostanay Half Marathon 2026 халықаралық жартылай марафоны басталды. Жарысқа Қазақстан, Ресей, Германия, Оңтүстік Африка Республикасы, Израиль, Қырғызстан және Ауғанстаннан келген мыңнан астам спортшы қатысты.

blank

Қатысушылар 10 және 21,1 шақырымдық қашықтықтарды еңсерді. Сонымен қатар скандинавиялық жүріс пен балаларға арналған 1 және 2 шақырымдық жарыстар ұйымдастырылды. Жартылай марафонның бағыты World Athletics талаптарына сәйкес сертификатталған.

Бұл спортшылардың нәтижелерін ресми аттестация кезінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Жарыстың басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және тұрғындар арасында саламатты әрі белсенді өмір салтын қалыптастыру. Бірнеше сағат бойы Қостанайдың орталық көшелері жаппай жүгіру алаңына айналып, кәсіби спортшылар мен әуесқойларды бір ортаға жинады.

Марафоннан – 17 мың көрермен жиналған фестивальге

Қала күні кешке «Затоболец» стадионында жалғасты. Мұнда бесінші, мерейтойлық Kostanay Music Fest музыкалық фестивалі дүркіреп өтті. Биыл да концертті тамашалауға 17 мың көрермен жиналды.

Сахнада Dosekesh, Ayau, Ghetto Dogs, Jaman T, Aikyn, ALPHA және Sadraddin өнер көрсетті. Ал мерейтойлық фестивальдің басты қонақтары ретінде «Ирина Кайратовна» тобы мен V$XV PRiNCE өнер көрсетті.

Биылғы фестивальдің форматы да жаңарды. Алғаш рет шараны стендап-комиктер Шыңғыс Ермек пен Ансаған Садырханов жүргізді. Негізгі сахна маңында фотозоналар, ұтыс ойындары, брендтік алаңдар мен көрермендерге арналған түрлі интерактивті іс-шаралар ұйымдастырылды.

Концерттің қызған шағында жаңбыр жауғанына қарамастан, көрермендер стадионнан тарамады. Олар сүйікті өнерпаздарының соңғы әніне дейін бірге болып, мерекелік кешті тамашалады. Фестиваль соңында аспанға отшашу атылып, қала күні жоғары көңіл-күймен қорытындыланды.

Қостанай – машина жасау орталығы

Бүгінде Қостанай өңірдің ірі аграрлық және мәдени орталығы ғана емес, еліміздің индустриялық дамуының маңызды нүктелерінің біріне айналып келеді. Соңғы жылдары қала автомобиль өндірісінің негізгі орталығы ретінде де жаңа қырынан танылды.

Қостанайда орналасқан Allur зауыты – Қазақстандағы жетекші автомобиль өндірушілердің бірі. Компания биыл Қостанайдың 147 жылдығына арналған спорттық және мәдени шараларға қолдау көрсетіп, Kostanay Half Marathon мен Kostanay Music Fest фестивалінің серіктесі болды.

Allur зауытының атқарушы директоры Аргулан Майконовтың айтуынша, кейінгі жылдары Қостанай айтарлықтай өзгеріп, еліміздегі автомобиль өндірісінің ірі орталықтарының біріне айналған.

blank

 – Соңғы жылдары Қостанай қатты өзгерді. Бүгінде қала еліміздегі автомобиль өндірісінің ірі орталықтарының бірі әрі инженерлік және техникалық құзыреттерді дамытуға арналған маңызды алаңға айналды. Мұны зауыттағы жұмыс барысында да көріп отырмыз. Бізге Қазақстанның әр өңірінен кәсіби мамандар келеді. Адамдар осында қоныс аударып, мансап құрып, отбасын қалыптастырып, болашағын Қостанаймен байланыстырып жатыр, – деді ол.

Компания биыл Қостанайдың 147 жылдығына арналған спорттық және мәдени шараларға қолдау көрсетіп, Kostanay Half Marathon мен Kostanay Music Fest фестивалінің серіктесі болды.

blank

Allur зауытының атқарушы директоры Аргулан Майконовтың айтуынша, кейінгі жылдары Қостанай айтарлықтай өзгеріп, еліміздегі автомобиль өндірісінің ірі орталықтарының біріне айналған.

 – Соңғы жылдары Қостанай қатты өзгерді. Бүгінде қала еліміздегі автомобиль өндірісінің ірі орталықтарының бірі әрі инженерлік және техникалық құзыреттерді дамытуға арналған маңызды алаңға айналды. Мұны зауыттағы жұмыс барысында да көріп отырмыз. Бізге Қазақстанның әр өңірінен кәсіби мамандар келеді. Адамдар осында қоныс аударып, мансап құрып, отбасын қалыптастырып, болашағын Қостанаймен байланыстырып жатыр, – деді ол.

Оның сөзінше, өндірістік қаланың дамуы тек зауыттар мен жұмыс орындарының санымен өлшенбейді.

 – Біз үшін Қостанайдың қоғамдық өміріне араласу маңызды. Мықты индустриялық қала – бұл тек зауыттар мен жұмыс орындары бар мекен емес. Бұл – адамдарға өмір сүруге, спортпен айналысуға, отбасымен уақыт өткізуге және үлкен қауымдастықтың бір бөлігі болуға қызықты қала. Сондықтан Allur Kostanay Half Marathon мен Kostanay Music Fest шараларын қолдайды. Бұл – мазмұны бөлек екі шара болғанымен, екеуінің де ортақ мақсаты бар. Олар Қостанайды адамдарды өзіне тартатын, осында қалуға себеп қалыптастыратын қала ретінде дамытуға қызмет етеді, – деді Аргулан Майконов.

Қаланың 147 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар Қостанайдың бүгінгі тынысын айқын көрсетті. Бір алаңда спорт сүйер қауым бас қосса, екінші жерде өнер мен музыкаға қызығатын мыңдаған тұрғын жиналды. Осылайша, мерейтойлық күн қала тарихын ғана емес, оның бүгінгі келбеті мен болашаққа деген ұмтылысын да айшықтай түсті.

 

Суреттерді ұсынған – Allur кәсіпорнының баспасөз қызметі