Қостанайдағы жол белгілері талапқа сай келе ме?

Қостанайдағы жол белгілері талапқа сай келе ме?

Қостанай облысы Ұлттық жол активтері сапасы орталығы филиалының мамандары облыс орталығының бірнеше көшелеріндегі жол белгілерін тексерді.

ҚР СТ 1124-2019 нормативтік құжаты жол таңбасының көптеген параметрлерге сәйкестігін анықтайды. Олардың ішінде беріктік, жарық қайтару коэффициенті, тіпті түстердің координаттары бар. Мамандар жол таңбасы бетіндегі жарық шағылысу коэффициенттерінің талапқа сай келуін тексерді. Қарапайым тілмен айтқанда, жол бойындағы белгілердің қараңғыда көзге жарқырап түсуін қадағалады. Тексерілген жол белгілерінің көбісі шағылысу коэффициенті бойынша нормативтік құжатқа сәйкес келмейтін болып шықты.

– Орнатылған жол таңбасы ауа райының қолайсыздығы жағдайында да жарықтың жеткіліксіз жағдайында автомобиль фараларының жарығына шағылысуы тиіс, – деп түсіндірді Жол активтері сапасы орталығының облыстық филиалы бөлімінің басшысы Владимир Завалий. – Тексеру жол белгілерінің стандарттарға толық сәйкес келмейтіні анықталып отыр.

Тексеруге қаланың ТКШ бөлімі қызметкерлері де қатысты. Нормативтік құжаттамаға сәйкес келмеген барлық олқылықтар міндетті түрде түзетілетін болады.

Жаңалықтармен бөлісу