Қостанайдағы тарихи ескерткіштер қалпына келтіріле ме? yandex.kz

Қостанайдағы тарихи ескерткіштер қалпына келтіріле ме?

Әкімдікте өткен жиында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов облыстың мәдени саласында атқарылып жатқан іс-шаралар мен проблемаларға да тоқталды. Қостанай облысы көлемінде 1329 тарихи және мәдени ескерткіш бар.

Соның 1240-і археологиялық ескерткіштер. Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша 27 ескерткіш қайта қалпына келтіруді қажет етеді, олардың 2-уі жедел түрде жөндеуді талап етіп, апатты жағдайда тұр. Ол үшін ғылыми-жоба құжаттамасын әзірлеу керек.

“2023 жылдан бастап Яушевтер көпесінің пассажы тарихи және мәдени ескерткішінде ғылыми-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы ішкі ғимараттарды және инженерлік желілерді жөндеу жұмыстары жалғасады. Бұл жерге коммуникациялық жөндеу жұмыстары 30 жылдан астам уақыт бойы жүргізілмеген. Облыстық музей Қазақстандағы ең көне музейлердің бірі, биыл 110 жылдық мерейтойын атап өтеді, бірақ зал экспозициялары ескірген және мультимедиялық технологияларды қолдана отырып, қайта экспозициялауды қажет етеді”, – деді басқарма басшысы Құралбек Атамұратов.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

 

Жаңалықтармен бөлісу