Қостанайдағы қуыршақтар театры қырық жылдығын атап өтті

Қостанайдағы қуыршақтар театры қырық жылдығын атап өтті

Мерейтой аясында театр тарихынан сыр шертетін шағын музей ашылды. Мұнда алғашқы қойылымдарда қолданылған қуыршақтар, гастрольдік сапарлардан сақталған фотосуреттер, түрлі фестивальдерден алынған марапаттар мен құжаттар қойылған.

Ерекше жәдігердің бірі – осыдан 40 жыл бұрын театрдың шымылдығын ашқан «алтын кілт». Кілт бетінде сол тарихи сәттің куәгерлерінің қолтаңбалары сақталған.

Театрдың 40 жылдық шығармашылық жолы жинақталған кітап та көпшілікке таныстырылды. Басылымда ұжымның қалыптасу кезеңі, сахналанған қойылымдар, жетістіктері мен өнерпаздардың естеліктері қамтылған.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Кітап театрдың ардагер қызметкерлеріне тарту етілді.

blank

Мерекелік кеште жаңа бағыт – baby-театр жобасы да таныстырылды. Бұл жоба 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге арналған. Baby-театрдың басты ерекшелігі – дәстүрлі сахна мен көрермен залының болмауы. Балалар жұмсақ жастықшаларда отырып, еркін қозғала алады. Қауіпсіз әрі жайлы орта, тактильді элементтер арқылы кішкентай көрермендер театр әлемімен алғаш рет танысады. Жоба ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты нығайтуға да бағытталған.

blank blank

Кеш соңында «MEN…» спектаклінің көрсетілімі болды. Республикалық және халықаралық фестивальдерде жүлде алған бұл қойылым көрерменге терең ой салып, мерейтойлық кештің көркем қорытындысына айналды.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Суреттерді түсірген Василий Васильев