Қостанайдағы оқу. Шетел тәжірибесі. Қос диплом.

Қостанайдағы оқу. Шетел тәжірибесі. Қос диплом.

Газетімізде тұрақты түрде шығып тұратын «Басшығы бес сұрақ» айдары биыл қайта жалғасты. Алғашқылардың бірі болып, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры, аталған жоғары оқу орнының басқарма төрағасы, география ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогика ғылымдары академисының мүшесі Сейітбек Қуанышбаев сауалдарымызға жауап берді.

– Қазіргі таңда университетіміз өте жоғары деңгейге көтеріліп қалды. Оны соңғы екі жылда білім ордасына оқуға түсуге қызығушылық танытып келіп жатқан талапкерлердің  қатарынан көруге болады. Себебі, университетімізде көптеген шетелдік ақпараттық-инновациялық жанартылған технологиялармен оқыту тәсілдерін қолға алдық. Колледжден кейін келіп жатқан студенттерге дуалды білім, екінші білім алу мүмкіншіліктерін беріп жатырмыз. 4 курс студенттеріне дуалды білім алу тәсілдерін енгізіп жатырмыз, бұның барлығы студенттердің қызығушылығын оятатыны сөзсіз. Дуалды дегеніміз негізінен бұл жерде тәжірибе алу, – дейді оқу орын басшысы.

Биыл алғаш рет Американың University of Minnesota Morris университетімен «Computer Science» (компьютерлік ғылымдар) бағдарламасы бойынша 10 баланы оқуға алынды, оларлын бәрі ағылшын тілінде оқып жатыр. Күні кеше АҚШ елшілігінің өкілдері келіп, осы жерде студенттермен кездесу өткен кезде олар бір-бірімен таза ағылшынша сөйлесті. Енді қосымша екі жылдан кейін олар бір жылға Америкаға барып оқиды, қайтып келіп өзімізде бір жыл білімін жалғастырады. Сұқбатымыздың жалғасын кейінірек газеттен оқи аласыздар.