Астана қаласында өткен экологиялық фестиваль аясында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Мадияр Хасанов жобасын таныстырды. Ол ұсынған дрон – ағаштар мен бал тозаңды өсімдіктерді автоматты түрде отырғызуға арналған құрылғы.
Жоба орман алқаптарын қалпына келтіру, жасыл желек көлемін арттыру және адам аяғы жетпейтін аумақтарды көгалдандыру жұмыстарын жылдамдатуға бағытталған.
TQ-Drone жобасын жүзеге асырған команда құрамында – Мадияр Хасанов, Ержан Бейсембай, Асхат Алпысбаев және Алихан Дидаров. Аталған бастама Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың жоғары бағасына ие болып, жобаның Арал теңізі аумағындағы құрғаған жерлерді қалпына келтіру үшін қолдану мүмкіндігі талқыланды.
Айта кетейік, TQ-Drone командасы Халықаралық жасыл технологиялар орталығы атынан ұсынылған стартаптар тізіміне енген.