Қостанайдағы Назарбаев интелектуалдық мектебінің оқушылары халықаралық байқауда жүлделі болды

Қостанайдағы Назарбаев интелектуалдық мектебінің оқушылары халықаралық байқауда жүлделі болды

Қостанай қаласындағы Назарбаев интелектуалдық мектебінің «HardChord» вокалды-инструменталды ансамблінің оқушылары «ASTANA CHILDREN’S FESTIVAL» IX Халықаралық көпжанрлық конкурс-фестивалінде өнер көрсетіп, ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Қазылар алқасының шешімімен вокалдық өнер номинациясы бойынша Қостанай ансамблі екі 1-орындарға және аспаптық өнер номинациясында байқаудың ең жоғары марапатымен Бас жүлдені жеңіп алды.

Байқауды Қазақстандағы жетекші халықаралық «Astana Stars» байқауын ұйымдастыру комитеті: Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының  және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолдау көрсетті.

Байқауда қатысушылардың өнеріне кәсіби мамандар баға берді. Қатысушылар әр номинация, әр жас категориясы бойынша іріктелді. Қазылар алқасы өнерді жабық дауыс беру арқылы бағалады.

– Жаздың шуақты күндерінің бастамасы менің Астанаға сапарымнан бастау алды. Көптеген қызықты және есте қаларлық сәттер болды. Біз бірнеше номинациялар бойынша қатысып жүлдегер атандық. Марапаттар алдындағы толқу  әлі есімде.  Жоғары нәтижеге жеткізген үшін мектепке алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта бізді әлі талай байқаулар күтіп тұр деп сенемін, – деп өз әсерімен бөлісті топтың солисі Полина Косенко.

Жаңалықтармен бөлісу