Республика күні қарсаңында еліміздегі Сауда және интеграция министрлігі жергілікті басқару органдарымен бірлесе ішкі нарықты қолдау үшін бүгін «Republic Day» ауқымды акциясын іске қосты. Мерекелік жеңілдікті қостанайлық кәсіпкерлер де қолдай жөнелді.
Қостанай қаласы бойынша жаппай жеңілдік «ЦУМ», «МАРТ», «Емшан», «Астықжан», «Қостанай Плаза», «Солнечный», «Апельсин» және «БУМ» сауда орталықтарында ұсынылуда. Осы аталған сауда орындарының тауарларын 10%-дан бастап 70%-ға дейін сатып алуға болады.
Акция барлық ірі қалаларда 24-27 қазан аралығында өтпек. Ел бойынша 220-дан астам сауда орталығы, супермаркет, дүкен және онлайн маркетплейстерде тағамдық емес тауарларға 10%-дан 70%-ға дейін жеңілдік жасалады. Біз Қостанайдағы «МАРТ» сауда, ойын-сауық орталығына барып мән-жайға қанық болдық.
— Біздің бутикте кешеден бері мерекелік акция жүріп жатыр. Екі киімнен артық тауар алсаңыз барлық жаңа топтамаларға 20 % жеңілдік жасалады. Әзірге келушілер саны бірқалыпты. Тұтынушыларды қолдауға арналған мұндай іс-шаралар ірі мерекелерге орай жиі ұйымдастырылып тұрады. Қостанайлықтарды және оқырмандарды Республика күнімен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,-деді «МАРТ» сауда, ойын-сауық орталығындағы «Mango» дүкенінің кассирі Нұрай Ғалиева.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген – Айдана МАРАТ
