Қостанайда электр өнімдерді тарататын электржелілік компания бар. Осы “EPK-forfait” ЖШС кәіпорындарға электр энергиясын беруді негізгі міндет етіп отырған бірден-бір ұйым.
Алайда кәсіпорындағы бас ауыртарлық мәселелердің бірі қызметкерлеріне төленетін жалақының төмендігі.
«Нәтижесінде кәсіпорында білікті кадрлардың тапшылығы бар. Бұл компанияның жұмысына тікелей қауіп төндіреді.”Табиғи монополиялар туралы “Қазақстан Республикасының Заңына(30.12.2022 жыл), тиісінше тарифтерді қалыптастыру қағидаларына (17.03.2023 жыл) енгізілген өзгерістер қызметкерлердің жалақысын жеткілікті дәрежеде арттыруға мүмкіндік бермей отыр», – дейді бұл жөнінде ЖШС Бас директоры Д.Аманжолов.