“CyberPol” бөлімшесінің қызметкерлері 16 жастағы дроперді ұстады. Ол арқылы алаяқтар зейнеткерлерден ұрланған ақшаны алып отырған.
Залал сомасы 6 млн теңгеден асып жығылады.
“CyberPol” бөлімшесінің қызметкері Олжас Магыпаров қылмыстың ашылуының мән-жайын былайша түсіндіреді.
Полицияға облыстың бес тұрғыны келіп, алаяқтардан зардап шеккендерін айтты. Оның барлығы дерлік зейнеткерлер.
Мәселен, облыс орталығының 72 жастағы тұрғынының үйінің телефонына қоңырау шалып, немересі Германияда жол апатына ұшырап, жәрдеміне 4 млн теңге көлемінде ақша керек екенін айтқан. Зейнеткер қажетті соманы жинап, оны үйіне келген жігітке беріп жібереді.
– Жақында ғана полиция қызметкерлері осындай фактілерді ашты. Онда схеманы қолдана отырып, азаматтарды алдап, 20 млн теңгеге шығынға батырған қыз ұсталып еді. Әккі қыз мұқият жасырынып, сырт келбетін жасырған болатын. Ал жас жігіт ақшаны алуға түрін өзгертпей келіп отырған, –дейді Олжас.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша “Алаяқтық” бойынша жас жігіттің “Теллеграмм” қосымшасы арқылы жұмыс тапқаны анықталып отыр. Оған курьерлік жұмыс ұсынылған. Арадағы келісімнен кейін нақты нұсқаулар ала бастайды. Ұрланған затты қайда апарып, қайдан алуға болатыны қосымша хабарланған. Оның табысы соманың 10% құрады. Тапқан ақшасын телефон мен ойын-сауыққа жұмсаған.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция зейнеткерлер мен облыстың барша тұрғындарына мұндай қоңырауларға жауап бермеуді және болған жайды дереу полицияға хабарласуды өтінеді.
“Жасына байланысты сенгіш жақын адамдарыңызбен сөйлесіңіз. Егер ол осындай жағдайға тап болса, ешқандай әрекет жасамауды ескертіңіз. Мұқият болыңыз!” делінген полиция хабарламасында.