Бүгінде білім ордаларының барлығына 100% бейнебақылау камерасы орнатылған. Мұның сыртында, дауыстық ескертулерімен және жедел басқару орталығына шығатын дабыл түймелерімен жабдықталған. Бұл туралы қала әкімдігінің аппарат мәжілісінде айтылды.
– Алайда, турникеттер тек мектептерде орнатылған. Балабақшаларға турникеттің орнына, өткізу пунктерін қоюды жоспарлап отырмыз. Алдын ала есептедік, орнату мен қызмет көрсетуге қажетті сома шамамен 130 млн теңге. Бір бөбекжайға 5 млн теңге жұмсалады. Құжаттар бюджеттік өтінімге әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, биыл мамандандырылған күзетті іске қосуға бюджеттен 245 млн теңге бөлінді. Білім беру ұйымдарының жақын аумағында жол белгілері мен көше жарығы бар, – деді қалалық бөлімінің басшысы Г.Оразбаева.
Сералы МЫРЗАБАЙ