Қостанайдағы әскери бөлімде ән байқауы ұйымдастырылды

Қостанайдағы әскери бөлімде ән байқауы ұйымдастырылды

6697 әскери бөліміндегі жас сарбаздардың шығармашылығын  арттыру мақсатындағы «Сарбаз дауысы» атты ән байқауы  рухани серпіліс сыйлады. Бөлімнің түрлі бөлімшелерінен әскери қызметшілер қатысып, өз өнерлерін көпшілікке паш етті.

«Байқау барысында қатысушылар патриоттық, әскери және халықтық бағыттағы әндерді орындап, сахна мәдениеті, дауыстың тазалығы мен орындаушылық шеберлігі бойынша бағаланды. Қазылар алқасының құрамында әскери бөлімнің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі мамандары болды. Жас сарбаздардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашып, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру, сондай-ақ әскери ұжымдағы рух пен бірлікті нығайту басты мақсат болды», – деп хабарлайды  ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі.

Байқау соңында үздік деп танылған сарбаздар арнайы марапатталып, грамоталар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.